3D форматындағы алғашқы қазақстандық фильм көктемде жарық көреді

None
None
АЛМАТЫ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Жақында үлкен экранға 3D форматтағы алғашқы қазақстандық фильм шығады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы мен «Бәйтерек» ұлттық продюсерлік орталығы бірлесіп түсірген режиссер Егор Михалков-Кончаловскийдің фильмі «А-ға оралу» деп аталады. Бұл туралы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінен хабарлады.

Фильм «Ескендір Зұлқарнайынның жүрген жолдарымен» деп аталатын деректі фильм түсіру үшін Алматыдан Астанаға аттанатын кинотүсірушілер тобы туралы баяндайды. Оларға бұл сапарда кезінде Ауғанстанда соғысқан, сонда аяғынан айрылған азамат жолсерік болады. Бірақ әлгі жолсеріктің кезінде КСРО Бас барлау басқармасының мұсылман батальонында, аты аңызға айналған Қара майордың қолбасшылығында қызмет еткенін және оның Ауғанстанға оралуының өз себебі бар екенін ешкім білмейді. Оқиға осы кейіпкердің төңірегінде өрбиді.

Фильмді түсірушілердің айтуынша, оны 3D форматта шығару туралы ұсынысты кинопрокатшылар жасаған. Олар жаңа форматта түсірілген фильмнің көрермендердің көңілінен шығатынына сенімді.

Қазір кинокартина 3D форматқа ауыстырылуда, бұл наурыз айында аяқталып қалады. «А-ға оралу» фильмін қазақстандық кинематографтың серпінді жобасы деп айтуға болады, дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар