39 жастағы Шымкент тұрғыны әке-шешесінің ақшасын жымқырған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 39 жастағы азамат әкесі мен анасының банк карточкасын алып, олардың есепшотынан 180 000 теңгені жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әкесі мен шешесі банкоматтан ақша алуға келген кезде шоттағы қаржының қолды болғанын түсініп, болған оқиға туралы полицияға хабарлайды.

Аталған жайт Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері карточка шотынан ақша жоғалуына 39 жастағы азаматтың тікелей қатысы бар екенін және ол ақшаның бір бөлігін өз қажетіне жұмсағанын анықтайды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар