38 мыңнан астам қазақстандық Vero cell вакцинасын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 38 мыңнан астам қазақстандық Vero cell вакцинасын алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті контингентті вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның 11,1 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде 1 компонентпен 6 276 224 адам егілді, бұл тиісті халықтың 63 пайызы. Екінші компонентпен 4 913 196 адам қамтылды. Республикаға ҚХР-да өндірілген Sinofarm вакцинасының 1 млн дозасы әкелінді. Оның ішінде егу пункттеріне вакцинаның 659 400 дозасы жеткізілді. Осы аптада вакцинациялау басталды, 38 161 адам егілді. Егу пункттерінде шамамен 1 млн 300 мың бірінші компонент және 940 мың екінші компонент бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол коронавирустық инфекцияның тұрақты түрде мутациялануына қарамастан, профилактикалық іс-шаралар вакцинация, маска кию режимі; үй-жайларды желдету; қол гигиенасы; әлеуметтік қашықты сақтау болып қала беретіндігін баса айтты.

«Қазақстандықтарға, қарапайым профилактикалық іс-шараларды сақтау және вакцинациялану қажеттілігі туралы тағы да еске саламын», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар