38 млн теңгенің маскасын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болғандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирус індеттің алғашқы толқыны аясында жасалған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігінен оңай олжаға кенелмек болған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлескен іс-шаралары аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Қазақстаннан жалпы сомасы 38 миллион теңге болатын медициналық масканың ірі партиясын контрабандалық жолмен алып өту әрекетінің жолы кесілді. Ұсталғандардың барлығы – бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған деструктивті діни ағымды жақтаушылары болып шықты. Қорғаныс маскасын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қазақстандық дәріханаларды қамтамасыз еткісі келген отандық және шетелдік кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алған.

Бұл қылмыстық топтың ықпалымен кейбір заңға бағынатын азаматтар да шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Бір қызығы, қылмыстық топтың мүшелері алған қаражатты қымбат көлік мен бренд тауарлар сатып алуға, мейрамханаларға жұмсаған.

Басталған қылмыстық іс аясында деструктивті ағымдарды жақтаушылардың үшеуі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Соңғы жаңалықтар