378 млн теңге шығын келтірген 4 браконьердің ісі қаралып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың №2 сотында Исатай ауданы Жанбай ауылынының төрт тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау өтіп жатыр. Олар мемлекетке келтірілген 378 млн теңге бойынша айыпталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өткен жылдың қараша айында Жанбай ауылының 25-27 жастағы тұрғындары Н. Мағынбаев, Н.Есенғалиев, М.Батырбаев және Д Еркінов Каспий теңізінің жағалауында ірі көлемдегі балық партиясымен ұсталды. Олардың иелігіндегі қайықтан жалпы салмағы мың келіден асатын 304  бекіре және бекіре тұқымдас балық табылды. Тергеу жұмыстары мемлекетке 378 026 745 теңге шығын келтірілгенін дәлелдеді», - дейді Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Олег Тушканов.

Инспекция қызметкері 2017 жылдың өзінде  балық қорғау заңнамасы бойынша 1 496 ереже бұзу фактілерін анықтаған. Жыл көлемінде браконьерлерден 22 тонна 825 келі балық, 1570 балық аулау құралдары, 276 бірлік көлік және жүзу құралдары тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар