37 жастағы павлодарлық жағажайда өзін өлтірмек болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың қалалық жағажайында ер адам өз-өзін өлтірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам қазіргі уақытта қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр.

Павлодарлықтар Instagram-дағы @kolesa_pavlodara парақшасында жағажайда тұрған Hyundai көлігінің фотосуреттерін жариялады. Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, ер адам өзінің тамырын кесіп жіберген.

null Болған оқиғаны облыстық Денсаулық сақтау басқармасында растады.

«Кеше №1 қалалық аурухананың травматология бөліміне білегі кесілген 37 жастағы ер адам түсті. Ер азамат жақын туысқандарымен ұрысып қалыпты. Қазір дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда және оның өміріне еш қауіп жоқтығын атап өтуде», - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.  

Фото @kolesa_pavlodara Instagram парақшасынан алынды

Соңғы жаңалықтар