37 жасар алматылықтан 1 тонна жабайы көкнәр табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 37 жасар алматылық жабайы көкнәр шауып жатқан жерінен қолға түсті. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Көкнәр-2014» операциясы кезінде есірткі бизнесімен күрес полициясы қызметкерлері Қордай ауданы Қайнар ауылының маңында жабайы көкнәр шауып жатқан жерінен 37 жасар Алматы тұрғынын ұстады. Одан тексеру кезінде жалпы салмағы 1 тонна 7 кг кептірілмеген марихуана табылды. Азамат бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Сондай-ақ, жақында полиция қызметкерлері Меркі ауданының маңынан 26 жасар тараздық жігітті ұстаған болатын. Одан да бір тоннаға жуық марихуана тәркіленді. Ұсталған азамат есірткілік шөпті өзі үшін жинағанын айтып ақталған еді.

«Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 259-бабының 1-тармағы (аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды», - деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Гульчехра Зияутдинова.

Соңғы жаңалықтар