37 мыңнан аса атыраулықтың банктер алдындағы қарызы кешірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 37 мыңнан аса адамның банктер алдындағы қарызы кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру жұмыстары Атырау облысында да қарқынды жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтсақ, осы уақыт ішінде 37 335 атыраулықтың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары бойынша өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілген.

Ұлттық Банктің Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, кешірілген өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы мөлшері 1 млрд 429 млн теңгені құрады.

Еске сала кетейік, 26 маусымда Мемлекет басшысы кейбір қазақстандықтардың негізгі қарыздары немесе өсімпұлдары мен айыппұлдары бойынша қарызын кешіруге байланысты Жарлыққа қол қойған еді.

Кейін Үкімет оны жүзеге асыру механизмін ұсынды.



Соңғы жаңалықтар