+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

350 мыңға жуық қазақстандық құмар ойындарын ойнайды - агенттік

2021 жылғы 22 шілде 13:56
Бөлісіңіз:
350 мыңға жуық қазақстандық құмар ойындарын ойнайды - агенттік

АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атыраудың екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингтік агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құмар ойындар ойын – бұл сауық емес, қауіпті ауру. Жыл сайын құмар ойындарға тәуелді адамдардың саны артып келеді.

Мысалы, Қазақстанда құмар ойыншылар саны 350 мыңға жуық. Олардың көпшілігі жасөспірімдер.

Мемлекет тұрақты негізде заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес жүргізеді, сол арқылы халықты құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғап келеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Атырау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Атырау қаласындағы бильярд клубының ғимаратында заңсыз ойын бизнесін сәйкес лицензиясыз ұйымдастыру дерегінің жолын кесті.

Атырау қ. екі тұрғыны – Д.Ұзақпаев және А.Ғабдулов заңсыз құмар ойындарын ұйымдастыру мақсатында «Бомонд» бильярд клубының «VIP» кабинасын пайдаланған.

Тексеріс барысында 600-ге жуық ойын карталары мен покер фишкалары тәркіленді.

Ұйымдастырушылар қоғамдық жұмыстарға 100 сағатқа тартыла отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге жазасымен сотталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT