35 градус аяз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Аймақ кең антициклонның ықпалында болады.

Солайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде - 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында - 35 градус аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.

Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығысқа қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ ала келеді. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін суытады.


Соңғы жаңалықтар