33 жастағы ер адам 224 бума есірткімен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда синтетикалық есірткімен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері оның көлігін тоқтатқан кезде, одан есірткілер табылды. Инспекторлар жол ережесін бұзған ер адамға әкімшілік хаттама толтырып жатқанда, ол қобалжып тұрды. Кейін көлігін тінту барысында белгісіз бумалар анықталған.

«Тінту барысында белгісіз заттар салынған 224 бума табылды. Олар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Олардың шығу тегі мен тиесілігі сот-химиялық сараптамамен анықталады.

Күдікті өзін қорғау мақсатында шөпті интернет-дүкеннен жеке пайдалану үшін сатып алғанын айтты. Дегенмен, мұндай көлемдегі есірткінің саудаға арналғаны туралы күдік бар. Біз бұл жағдайды жедел тексеретін боламыз»,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар