+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

320 мыңнан астам қазақстандықтың банктегі шоттарынан шектеулер алынды

2020 жылғы 7 сәуір 16:23
Бөлісіңіз:
320 мыңнан астам қазақстандықтың банктегі шоттарынан шектеулер алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 4-6 сәуір аралығында мемлекеттік кірістер органдары жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 320 мыңнан астам банктік шоттарына қойылған шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткендей, бұл, 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алуына мүмкіндік беру үшін жасалды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмекті аудару басталды. Осыған орай, өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттері тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді кері қайтаруда», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT