+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

32 жастағы Жанат Жақиянов кәсіби рингте 27 кездесу өткізді

2015 жылғы 9 қараша 15:48
Бөлісіңіз:
32 жастағы Жанат Жақиянов кәсіби рингте 27 кездесу өткізді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 7 қарашада Монте-Карлода (Монако) қазақстандық кәсіби боксшы Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 кг дейін) WBA нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулын қарсыласынан тартып алды.

Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Нәтижесінде судьялардың екеуі жеңісті Жанат Жақияновқа (115-113, 116-113), беріп, WBA нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулы Жанат Жақияновқа бұйырды.

Жексенбіде СҚО әкімі Ерік Сұлтанов кәсіби боксшы, СҚО тумасы Жанат Жақияновқа жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) WBA нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағын жеңіп алуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Қымбатты Жанат! Жеңісіңмен құттықтаймын! Венесуэлалық спортшымен сайыстағы барлық 12 кезеңде шеберлігіңізді көрсеттіңіз. Мақсаткерлігіңіз, өзіңізге және күшіңізге деген сенімділігіңіз бұл кездесуде жеңімпаз болуыңызға септесті.

Сіз жанкүйерлеріңіздің үмітін ақтадыңыз және әлемдік спорт аренасында Қазақстанның даңқын асырдыңыз. Бұл әлем чемпионының «уақытша» атағы Сіздің алдағы жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіздің кепілі болсын!» - делінген СҚО әкімінің құттықтауында.

Еске сала кетейік, Жанат Жақиянов кәсіби рингте 27 кездесу өткізді, біреуінде ғана жеңілді, ал 18-ін - нокаутпен аяқтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT