32 жастағы елорда тұрғыны «Гранд Астана» кешеніндегі лифтінің мониторын сындырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде ер адамның лифт кабинасында орнатылған мониторды әдейі сындырып жатқан видеосы тараған болатын. Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ер адамның бұзақылық әрекеті лифтіде орнатылған камераға түсіп қалған. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды тұрғындарға ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар