32 келі есірткі заттарын сақтаған қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қостанай қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен күдікті азамат ұсталды.

«Қызметкерлер оның «Лада-Калина» автокөлігінен алты килограмм кептірілген марихуана тапты. Ұсталған азаматтың гаражынан қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тінту кезінде марихуана бар тағы екі түйіншек тәркіленді. Гараж кіреберісіндегі тумбадан бір жарым килограмм есірткі, сондай-ақ тақтайшалар астындағы шұңқырдан қапшыққа салынған 25 килограмнан астам марихуана табылды», - делінген полицияның ақпатаратында.

Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы – 32 кг 826 гр, бұл аса ірі салмаққа жатады. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол оқиға орнында қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар