31 тамыз. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 31 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1931-2018) Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ШӘРІПОВА дүниеге келген.

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында туған. Алматы театр училищесін бітірген. «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақ радиосында жұмыс істеді. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. «Менің әкем кім» спектаклінде Лағылдың, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақтоқтының, Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» - Қарагөздің және «Қарагөзде» - Қарагөздің, Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» - Айжанның, Уильям Шекспирдің «Отелласында» - Дездемонаның және басқаларының рөлдерін сомдады. Фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасауға қатысты, радиода көркемсөз оқу шебері болды. «Өжет қыз» фильмінде - Нұржамал, «Біз осында тұрамыз» фильмінде - Дина, «Өмір жолында» - Хадиша, «Абай» телефильмінде - Қарлығаш рөлдерін экранға шығарды. Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.

65 жыл бұрын (1956) Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің басшысы Гүлмира Кенжеболатқызы ШАЛАБАЕВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1978), журналист; Қазақстанның ҒА Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1986). Философия ғылымдарының докторы (1997). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі-корреспонденті (1999). «Ұлыс. Мәдениет. Сана сезім» (1995), «Мәдениетті ұғыну: Қазақстанның дүниетанымдық парадигмалары және тарихи реалилері» (2001), «Қазақстан: мәдени саясаттың эволюциясы» (2002), «Евгений Сидоркин. Көркемдік тәсілдің онтологиясы» (2005), «Мәдениет: аласапыран мен тәртіп арасында» (2006), «Қазақстан: ежелгі өркениеттен қазіргі заманға дейін» (2007), «Еуразиялық бейнелеу өнері призмасы арқылы» (2010), «Өнер энциклопедиясы» (2010) кітаптарының авторы. «Гүлфайрус Исмаилова. Кескіндеме және театр-декорациялық өнері» (2000), «Қазақстанның ғасырлар тоғысындағы бейнелеу өнері» (2000), «Шынайылықтың қырлары» (2004), «Қазақ өрнегінің ғарышы» (2008) көркем альбомдарының баспагері. 1978 жылдан - ҚазССР Мемкино бас редакторы. 1983 жылдан - Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аспиранты. 1986 жылдан - педагогикалық ғылымдар ҒЗИ аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан - ҚР жастар ісі бойынша Мемлекеттік комитетінің жетекші маманы. 1993 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1997 жылдан - Қазақстан ҒА Философия институтының бас ғылыми қызметкері. 1998 жылдан бері - «ОЮ» көркем галереясының директоры. 2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бейнелеу өнері теориясы және тарихы кафедрасының профессоры. 2014 жылдың қарашасынан бері қазіргі қызметінде.

Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

59 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Институт бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген. 1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды. 1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. 1993-1995 жылдары - «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының президенті. 1995-1999 жылдар аралығында - Президент Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі. 2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі. 2009-2012 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2014 жылдар аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі парламенттік фракциясының жетекшісі. 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2016 жылдың маусым айынан бері - қазіргі қызметінде. «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі парламенттік фракциясының жетекшісі.

«Құрмет» (2004), II дәрежелі «Барыс» (2009) ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2006) мерекелік медальдарымен және өзге медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, заңгер Ерлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды кооперативтік институтын экономист, Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің II - III - IV шақырылымының депутаты болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің III - IV шақырылымында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болып сайланған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі, Америка Құрама Штаттары Конгресімен, Әзербайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі. «Құрмет» (2006), ТМД ПАА «Содружество» (2008) ордендерімен, бес медальмен, соның ішінде «Шапағат» (2001) медалімен марапатталған. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Марат Несіпқалиұлы ИҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. К.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік академия, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қауіпсіздігі Кеңесі орталығында сарапшы болып бастады. 2003-2009 жылдары аралығында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінде бас инспектор, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болды. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР Инвестициялар және даму министрі кадр жұмысы және туризм индустриясы департаментін басқарды. «Казконтент» АҚ төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі болды. 2018-2020 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпанынан.

43 жыл бұрын (1978) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимұлы РАХИМОВ дүниеге келді.

2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, 2007 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика университетін (статистика және информатика), 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолы: 2000-2003 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкері. 2003 жылы «Шығыс жобасы» ҚҚ жастар бағдарламаларының атқарушы директоры 2003-2008 жылдары - Астана қаласының әкімдігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары. 2010-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы. 2014 жылы - Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу жөніндегі департамент директорының орынбасары. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті БАҚ-ты бақылау басқармасының басшысы. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болған. 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпаратқа қолжетімділік саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың мамырынан.


Соңғы жаңалықтар