+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

31 шілде. Туған күн иелері

2020 жылғы 31 шілде 08:10
Бөлісіңіз:
31 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 31 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
9 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі 8 тамыз: Туған күн иелері 8 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

57 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Валерий Владимирович НОЗДРИН дүниеге келді.

Алматыда туған. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1980-1981 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының лаборанты, 1986-1987 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасының бос тұрған тергеуші қызметінің тағылымгері, тергеушісі, 19891990 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасында аға тергеуші, прокурордың аға көмекшісі, көмекші, 1990-1991 жылдары Алматы қалалық прокуратурасы тергеу бөлімінің прокуроры, 1991-1992 жылдары Қазақ ССР прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры, 1992-1995 жылдары Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы, 1997-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы.

Қазіргі қызметінде – 2000 жылдың маусымынан.

54 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Аңсар Тұрсынханұлы МҰСАХАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» кеңшарында қарапайым жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары СССР-дың 60 жылдығы атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш стансасы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - Іле ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары - Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010-2011 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2011-2014 жылдары Алматы облысының әкімі. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы қазаннан бері.

53 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Амангелді Айдарұлы ДӘУРЕНБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Алматы зооветеринариялық институтын және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолы: Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» кеңшарының зоотехнигі (1991-1997); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл ауданы бойынша аумақтық басқармасының бас инспекторы (1999-2000); Алматы облысы Ауыл шаруашылығы департаменті өндірістік бөлімінің бастығы (2000-2003); Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі (2003-2007); Алматы облысы Қарасай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (2007-2009); Райымбек ауылдық округінің әкімі (2009); «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ бас менеджері (2010-2011); Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округінің әкімі (2011); Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі (2011); Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2011); Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі (2011-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Талғат Әулиеханұлы ИБРАШЕВ дүниеге келді.

Ол Қостанай облысы Лисаковск қаласында туған. 1995 жылы Уральск мемлекеттік заң академиясын (Екатеринбург қ.) заңгер мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолы: Арқалық қ. «Агропром» МТС Торғай облыстық базасының жүк тасушысы (1986-1987); Арқалық қ. «Агропромтехника» РТП жүк тасушысы (1989-1990); дайындық бөлімінің тыңдаушысы (1990); Торғай облысы кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бастығы (1993-1996); Торғай облыстық сотының аға консультанты (1996-1997); Арқалық қаласы сотының судьясы (1997-1999); Қостанай облыстық сотының судьясы (1999-2004); Қостанай облысы Қостанай аудандық сотының төрағасы (2004-2009); Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы (2009-2012); Рудный қалалық сотының төрағасы (2012-2015).

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың желтоқсанынан бастап.

45 жылбұрын (1975) - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олег Александрович СМОЛЯКОВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1996); National Graduate Institute for Policy Studies (Жапония), мемлекеттік саясат шебері (2001); University of Warwick (Ұлыбритания), қаржы және экономика ғылымдарының магистрі (2011).

Еңбек өтілі: ҚР ҰБ халықаралық инвестициялар балансы секторының жетекші экономисі (1996-1998); ҚР ҰБ төлем теңгерімі, капитал қозғалысы басқармасының бас экономисі (1998-2002); ҚР ҰБ төлем теңгерімі басқармасы бастығының орынбасары (2002-2004); ҚР ҰБ төлем теңгерімі және валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары (2004-2006); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы басқармасының бастығы (2006-2011); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы департаментінің директоры (2011-2014); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (06.2014-09.2014). 2014-2019 жылдары ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың желтоқсанынан бері.

42 жыл бұрын (1978) «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төраағсының орынбасары Данияр Болатұлы УТЕШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: «Автоцентр Бутя» ЖШС менеджері (02.1997-08.1997); «Райымбек» ЖК менеджері (1997-1998); «Заңғар «РТД« АҚ экономисті (1998-1999); «Салық Консалтинг« ЖШС кеңесшісінің көмекшісі (1999-2000); «BestConsultingCompany« ЖШС бас маманы (2001-2004); «Қазақстан Халық банкі« АҚ маркетинг департаментінің менеджері (2004-2005); «Астана қаласының теледидары« ЖШС Алматы филиалының директоры (2006-2008); «ТРК NS Радио - Ұлттық Желісі« ЖШС бас директорының орынбасары (02.2006-09.2006); «ТРК NS Радио - Ұлттық желісі« ЖШС бас директоры (2006-2017); «ҚазАқпарат« ХАА « ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2017-2020).

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдан бері.

37 жыл бұрын (1983) «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағының бас директоры Ерлан Сембекұлы ӘБСАТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында туған. 2005 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «жол қозғалысы инженері» мамандығымен тәмамдаған. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құқық бакалавры.

Еңбек жолы: Шахтинск қ. «Қазақстан» кен орнының жерасты тау-кен жұмысшысы (2006-2008); «Қаз АТО» Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы өкілдігінің менеджері (2008); ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті Автомобиль көлігі басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2008-2011); ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы, басшысы (2011-2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары (2014-2016); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментінің директоры, міндетін атқарушы (2016-2018); «Қазақстан индустриясын дамыту институты» АҚ салалық талдау орталығы директорының орынбасары (2018).

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың қаңтарынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT