31 шілде: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 31 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null 112 жыл бұрын (1906-1977) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ШУХОВ Иван Петрович дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Петропавл педагогика техникумын, Омбы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. 1928-1934 жылдары «Рабочий путь» (Омбы), «Красная Башкирия» (Уфа), «Волжская коммуна» (Самара), «Советская Сибирь» (Новосибирск), «Сельскохозяйственный работник» (Мәскеу) газеттерінде әдеби қызметкер болып істеген. 1934-1937 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка аудандық «Ударник» газетінің редакторы болған.

Шығармалары 1926 жылдан жариялана бастады. «Өшпенділік» романында әлеуметтік, саяси-экономикалық, адамгершілік мәселелері көтеріліп, орыстар мен қазақтардың жаңа заман орнату жолындағы еңбегі, достығы баяндалады. «Қасірет белдеуі» романы қазақ, орыс халықтарының Қазан төңкерісіне келу жолдарын суреттеуге арналған.

Иван Шухов шығармашылығына Максим Горький зор баға берген, жазушының қазақтар өмірі тым қатал әрі нанымды етіп суреттелгеніне баса назар аударған. Солтүстік Қазақстандағы ұжымдастыру тақырыбы «Отан» романында жалғасын тапқан. «Майдандағы армия» романында көтерілген тарихи оқиғалар Бірінші дүниежүзілік соғыспен байланысты, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы жылдарына арналған «Алтын алқап» кітабы, «Американың күндері мен түндері», «Югославия күнделігі», т.б. очерктер жинағы, «Туған ел және жат жер» атты прозалық топтамасы, «Пресновка әсерлері» атты өмірбаяндық повестер шоғырының алғашқы бөлімі, «Қазақстан желі өтінде» очерктер жинағы жарық көрді. Көркем аударма саласында жемісті еңбек етіп, Сәбит Мұқановтың «Ботагөз», «Өмір мектебі» романдарын, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Әлжаппар Әбішевтің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударған.

«Халықтар достығы» орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Алматы қаласындағы бір көше, мектеп, Петропавл қаласындағы бір көше мен орталық қалалық кітапхана, Преснов стансасындағы мектеп жазушының есімімен аталады. Жазушының туған жерінде әдеби-мемориалдық мұражай үйі ашылған.

null 98 жыл бұрын (1920-1944) Кеңес Одағының Батыры СУХАМБАЕВ Ағаділ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. 1939 жылы Диқан орта мектебін бітірген. Туған ауылы Қарасуда тракторшы болып жұмыс істеген. 1940 жылғы қазанда Қызыл әскер қатарына шақырылған. Әскери борышын Том қаласында өтеп жүрген жерінен соғысқа аттанған. 31-ші әскердің 628-ші Қызыл Ту атқыштар полкі құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысып, автоматшылар бөлімшесінің командирі болған. 1944 жылы шілде айында поляк деревнясын азат ету үшін болған ұрыста Александр Матросов ерлігін қайталап, дзоттың ауызын кеудесімен жапқан. Батырдың мәйіті Литва Республикасының Друскиненкай қаласында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылғы наурыздың 24-інде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 2005 жылы Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылған. Авторы - мүсінші Сейіткерім Момыш, сәулетшісі - Рүстем Бодаубеков. Ескерткіш қалалық әскери комиссариаты ғимаратының алдында, Абай мен Қонаев көшелерінің қиылысында.

null 54 жыл бұрын (1964) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары ТВАРИОНАС Виталий Ионо дүниеге келген.

Ол Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік пединститутын спорт психологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған (1995).

Еңбек жолы: 2015 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Құрметті консулы, Литвалықтардың дүниежүзілік қауымдастығының мүшесі.

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы мамырдан бері атқарып келеді.

Қоғамдық жұмыспен белсене айналысады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихи тағылым - өткенге тағзым» жобасы аясында Жезқазған, Балқаш, Қарағанды қалаларында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгілерді түзетіп, қалпына келтірген. ҚХА-ның жұмысына жастарды белсенді тартады. Бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісін халықаралық аренада (Литва, Жапония) насихаттайды.

В. Тварионас қазақстандық-литвалық байланыстардың дамуына белсенді атсалысады. В. Тварионастың бастамасымен Қарағанды қаласында 2017 жылы «Литовский двор» мәдени және экономикалық орталығы салынды.

null 52 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты МҰСАХАНОВ Аңсар Тұрсынханұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» кеңшарында қарапайым жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары КСРО-ның 60 жылдығы атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш стансасы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - Іле ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары - Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010-2011 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2011-2014 жылдары Алматы облысының әкімі. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы қазаннан бері.

Екі медальмен марапатталған.

null 51 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ДӘУРЕНБАЕВ Амангелді Айдарұлы дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. Алматы зооветеринариялық институтын және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолы: Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» кеңшарының зоотехнигі (1991-1997); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл ауданы бойынша аумақтық басқармасының бас инспекторы (1999-2000); Алматы облысы Ауыл шаруашылығы департаменті өндірістік бөлімінің бастығы (2000-2003); Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі (2003-2007); Алматы облысы Қарасай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (2007-2009); Райымбек ауылдық округінің әкімі (2009); «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ бас менеджері (2010-2011); Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округінің әкімі (2011); Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі (2011); Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2011); Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі (2011-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

null 51 жыл бұрын (1967) ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері ДОДОНОВ Вячеслав Юрьевич дүниеге келді.

Алматыда туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының экономикалық факультеті (1984); Алматы халық шаруашылығы институтынның халық шаруашылығын жоспарлау факультеті (1990).

Еңбек өтілі: Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері (1990); Экономиканы реттеу проблемалары бөлімінің экономисі, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі (1990-2007); «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бас ғылыми қызметкері (2007-2008); Тұңғыш Президент Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы, бас ғылыми қызметкері (2008-2009).

null 43 жыл  бұрын  (1975) ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары  СМОЛЯКОВ Олег Александрович дүниеге келді.

Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген,  экономист (1996); National Graduate Institute for Policy Studies (Жапония), мемлекеттік саясат шебері (2001); University of Warwick (Ұлыбритания),    қаржы және экономика ғылымдарының магистрі (2011).

Еңбек өтілі:  ҚР ҰБ халықаралық инвестициялар балансы секторының жетекші экономисі (1996-1998); ҚР ҰБ төлем теңгерімі, капитал қозғалысы басқармасының бас экономисі (1998-2002); ҚР ҰБ төлем теңгерімі басқармасы бастығының орынбасары (2002-2004); ҚР ҰБ төлем теңгерімі және валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары (2004-2006); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы басқармасының бастығы (2006-2011); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы департаментінің директоры (2011-2014); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (06.2014-09.2014). Қазіргі қызметінде 2014 жылдың қыркүйегінен бері.

null 41 жыл бұрын (1977) Назарбаев Университетінің Жоғарғы білім беру мектебінің бас атқарушы директоры САҒЫНТАЕВА Аида Қыстаубайқызы дүниеге келді.

Еңбек жолын М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады; онда халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы болды, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де халықаралық ынтымақтастық және қаржы мәселелері жөніндегі проректоры,   «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті болған. 



null 164 жыл бұрын (1854-1932) американдық бизнесмен әрі өнертапқыш, Eastman Kodak компаниясының негізін қалаушы ИСТМЕН Джордж дүниеге келді.

Американың Уотервилл қаласында туған. Дж.Истмен 24 жасында Санто-Домингоға барып демалып, қаланың барлық әсем жерін фотопленкаға түсіріп алмақ болады. Бірақ сатып алған фотоаппараты тым үлкен әрі ебедейсіз болып, алып жүруге қолайсыздық тудырады. Осы кезден ол аталған қиын үдерісті жеңілдету жолдарын ойластыра бастады. 1879 жылы Истмен құрғақ бромды-желатинді фотографиялық пластинка дайындайтын машина құрастырып, бір жылдан кейін алғашқы өнімін шығарады. 1881 жылы «Истменнің құрғақ пластинка компаниясы» тіркелді. 1883 жылы оның фирмасы барлық фотоаппаратқа сәйкес келетін орамды пленка шығара бастады. 1888 жылы жаз айында Kodak маркасымен алғашқы фотоаппарт шығарылды. Бастапқы құны 25 долларды құрады. 1888 жылы қыркүйектің 4-інде Kodak тауар белгісі ретінде тіркелді. 1889 жылы Eastman Company концерні құрылды. 1901 жылы компания Нью-Джерси штатында Eastman Kodak Company of New Jersey атауымен тіркелді, ол қазір де осы атауымен қызмет жасайды.

null 104 жыл бұрын (1914-1983) француз киноактері Луи де ФЮНЕС дүниеге келді. Көптеген фильмдерге түскен. Комедия жанрын аса ұнатқан актердің атағы 1960 жылдардан бастап бүкіл әлемге жайылған.

Соңғы жаңалықтар