31 наурызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 наурызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

АСТАНА

10:00 Назарбаев Университетінде Ауғанстанның денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ана мен баланың денсаулығын қорғау тақырыбында екі апталық семинар өтеді.

18:00 Бейбітшілік пен келісім сарайында «Мисс Казақстан 2018» 21-ші ұлттық байқауы өтеді.

АЛМАТЫ

10:00 Алматы зообағында аквриумның ашылу рəсімі өтеді, онда акула, медуза, тропикалық балықтар жəне теңіздің өзге де жəндіктерін тірідей көруге болады.

ӨСКЕМЕН

09:00 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 1-2 курс студенттері жəне 9-11 сынып оқушылары арасында «Striving for Excellence» ағылшын тілінен олимпиада өтеді.

11:00 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары этно-мəдени ұйымдарының өкілдерімен кездеседі

Соңғы жаңалықтар