+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

31 наурыз. Туған күн иелері

2020 жылғы 31 наурыз 08:10
Бөлісіңіз:
31 наурыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 31 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

72 жылбұрын (1948) композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты АлмасЕрмекұлыСЕРКЕБАЕВ дүниеге келді. Алматы қаласында туған. 1966 жылы музыкалық мектепті, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ.Жұбанованың класы бойынша) бөлімін бітірген. 1973-1974 жылдары - осында стажер-зерттеуші, 1974-1978 жылдары - стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу кабинетінің меңгерушісі болды. Симфониялық, аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған «Шалқыма» (1974), «Кербез» (1976), «Отырар» (1979), «Шертпе күй» (1982); «Хорлан», «Мәңгі өшпес даңқ» (1974) атты вокалдық шығармалары; «Ақсақ құлан» балеті (1975) мен «Маугли, менің бауырым» рок-опера-балеті (1982), т.б. бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).

66 жылбұрын (1954-2020) ғалым, тарихшы, мемлекет қайраткері КамалНизамұлыБҰРХАНОВ дүниеге келген.

Ташкент облысы Жаңажол ауданы Шоралысай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Саяси ғылымдар докторы, профессор. Еңбек жолы: 1977-1978 жылдары - Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылыми қызметкері; 1978-1979 жылдары - Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының аға лаборанты; 1979-1995 жылдары - С.М. Киров атындағы ҚазМУ - аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, профессор, оқу жұмысы жайындағы декан орынбасары, Тарих факультеті Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі; 1995-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ - Тарих факультетінің деканы; 2000-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ - философия және саясаттану факультетінің деканы; 2001-2002 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ - Саясаттану кафедрасының меңгерушісі; 2002-2004 жылдары - Абай атындағы АМУ - Заң факультетінің деканы; 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы; 2006-2007 жылдары - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры; 2007-2011 жылдары - ҚР төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған; М. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының даму жөніндегі орынбасары (2016 жылдан). «Құрмет» орденімен (2010); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкер» (2004), «Қазақстан Республикасы ғылымының құрметті қайраткері» (2009) төсбелгілерімен марапатталған; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2015) атағына ие.

61 жылбұрын (1959) Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институтының директоры ЕркінҚинаятұлыКӨБЕЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2000 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, доценті, заң факультетінің деканы, профессоры. 2000-2001 жылдары - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2001-2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры; кейіннен осы университеттің ректоры болған. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі, 2 монографиясы мен оқулығы жарық көрген. Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.

59 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Мамырбайқызы КЕРІМХАНОВА дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1983 жылы А.Н.Косыгин атындағы Мәскеу Еңбек Қызыл орденінің тоқыма институтын «табиғи және химиялық талшықтарды иіру» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

1983 - 1992 жыл аралығында Қазақ ҚСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігі жанындағы «Казгипротехлегпром» институтында инженер-технолог болып жұмыс істеген. 1993-1998 жылдары - «Алматекс» АҚ-ның бас технологы және техникалық директоры. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығында маман, жетекші маман, сектор меңгерушісі. 2001-2004 жылдары - Алматы қаласының Ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2005-2007 жылдары - Алматы қаласы Статистика басқармасының маманы, бастықтың орынбасары, 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Департаменті директорының орынбасары, Басқарма бастығы. 2009-2013 жылдары - Астана қаласы Статистика департаментінің бастығы; 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Департаментінің директоры; 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Басқарма басшысы; 2016 жылғы 10 қазаннан - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

52 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жеңісұлы ЖАНЖҮМЕНОВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. 1989 жылдан бастап Батыс әскері тобында қызмет етті. 1993 жылдан бастап ҚР ҚК-інде тыл құрылымдарында әртүрлі қызметтер атқарды. 1999 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Тыл және көлік әскери академиясын үздік және алтын медальмен бітірді, одан кейін ҚР ҚК Бас штабның Тылмен қамтамасыз ету департаментінің, кейіннен ҚР ҚМ Тыл департаментінің тыл басқармасының азық-түлік қызметінің бастығы болды. 2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, 2014-2015 жылдары - ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы қазаннан бері. 2010 жылғы 7 мамырда генерал-майор атағы берілді.

37 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш кооомммитетінің төрағасы Баубек Жеткергенұлы ОРАЛМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Мәскеу авиация институтын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструктор болып бастаған. 2010–2012 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы болды. 2012–2014 жылдары — ҚР Ұлттық ғарыш агенттінің Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорының орынбасары; директоры. 2014–2015 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы. 2015–2016 жылдары — «Ғалам» ЖШС бас директоры. 2016–2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап-2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамыр айынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT