31 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да «Пекин сарайы» қонақ үйінің ғимаратында «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында форум өтеді. Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құрудың халықаралық және ұлттық тәжірибесі таныстырылады.

Трансляция агенттіктің Facebook парақшасында және YouTube арнасында жүргзіледі.

10.00-де«Қазақстандағы 5G экожүйесін дамыту» онлайн конференциясы басталады.

10.00-де Дүниежүзілік аутизм жайлы ақпараттандыру күні қарсаңында«Нұрсая 2» тұрғын үй кешенінде Болат Өтемұратов қоры «Асыл мирас» атты жаңа аутизм орталығын ашады.

11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінде «Елордада еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикер:Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-деМемлекеттік қызмет істері агенттігінде ведомство төрағасы Дархан Жазықбаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының қатысуымен жиын ұйымдастырылады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов

Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook.

13.30-де Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайының баспасөз орталығында 20 мамырдf «Тараз-Аренада» кешенінде өтетін бокс кешіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұл кештің басты оқиғасы - қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова мен Малави чемпионы Рут Чисейл арасындағы WBC Silver атағы үшін жекпе-жек.

15.00-де Narikbayev Public Lecture аясында кезекті қоғамдық дәріс өтеді. Дәріс оқитындар - Мақсат Арзаман және Нұрсұлтан Бағидолла.

Мақсат Арзаман — QazaqGrammar, QazaqshaJaz және JanaSozdik жобаларының негізін қалағандардың бірі.

Нұрсұлтан Бағидолла - QazaqGrammar жобасының негізін қалаушы.

Тақырыбы: Қазақ тілі туралы таптаурындар мен мифтер.

15.00-де Сенатта Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел болады.

16.00 -де Қазмедиа орталығында «Nauryz» ұлттық телесериалдар бәйгесінің марапаттау кеші басталады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:ҚР Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлы, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Миятов Қайрат Исатайұлы.

Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook.


Соңғы жаңалықтар