+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

31 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 31 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
31 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 31 наурызға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Резервтіккөшірмежасау (бэкап) күні

Бұл күн ақпаратты қорғау мен оны сақтауды қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару мақсатында белгіленген. Резервтік көшірме жасау дегеніміз - қосымша ақпарат тасымалдаушы құралға құжаттың көшірмесін жасау процедурасы. Резервтік көшірменің қажеттілігіне ерекше мән берген Реддит сайтының қолданушылары Бэкап күнін атап өту туралы ұсыныс жасап, бастама көтерді. Бұл күннің неліктен 31 наурызға белгілен? 1 сәуір күні қылжақбастар күлкі күніне орай жіберген вирустары мәліметтерді жойып жіберуі жиі кездеседі. Ал Бэкап күні дәл сол ақпараттарды сақтау керектігін еске салады.

ЕСТЕҚАЛАРОҚИҒАЛАР

1995 жылы Ұлттық банктің мемлекеттік сақтау қоймасына «Балқаш-ЛТД» тау-кен компаниясының алғашқы алтын құймасы жеткізілді.

1995 жылы «Қазпошта» әлемдік мәдениет қайраткерлері мен ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған пошталық маркаларды шығарды.

1998 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Қазақ ұлттық музыка академиясы (ҚазҰМА) құрылды.

2011 жылы Вашингтонның «Carnegie Institution for Science» танымал ғимараттарының бірінде «Kazakh Cinema Evenings» қазақстандық кинофестивалі ашылды.

Фестивальдің бірінші күнінде танымал қазақстандық режисер Рүстем Әбдірашевтің қазақ халқының толеранттылығы туралы баяндайтын «Сталинге сыйлық» атты фильмі көрсетілді.

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты естелік монетасы шығарылды. Номиналы – 500 теңге.

2016 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық музейінің қорына Шығыс Қазақстан облысындағы қорғандардан табылған 968 археологиялық ескерткішті тапсырды.

2017 жылы ФИДЕ Президент кеңесінде 17 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік International Master (ерлер арасындағы халықаралық шебер) атағын алды. Ол Қазақстан шахматшыларының арасында алғашқылардың бірі болып International Master дәрежесін иеленді.

2018 жылы Алматы облысының Райымбек ауданы: Кеген ауданы (орталығы - Кеген ауылы) және Райымбек ауданына (орталығы - Нарынқол ауылы) бөлінді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT