+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

31 мыңнан астам ШОБ жобасы жеңілдікпен қаржыландырылды

2021 жылғы 3 тамыз 13:17
Бөлісіңіз:
31 мыңнан астам ШОБ жобасы жеңілдікпен қаржыландырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл – ел бесігі» аясында 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр

«Пандемия жағдайында кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезінде шағын және орта бизнесті қолдау өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты биыл Ұлттық банктің айналым капиталын толықтыруға жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» және «жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу жұмыстары жалғасуда», - деді Әсет Ерғалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, кредиттер бойынша жылдық мөлшерлеме 6 пайызды құрады. Айналым капиталын толықтыруды қаржыландыру едәуір кеңейтіліп, кредиттер сомасы ұлғайтылды. Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді микрокредит беру іске қосылды.

«Биыл бірінші жартыжылдықта триллион теңгеден астам сомаға 31 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландыруға қол жеткізді», - деді Ұлттық экономика министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT