31 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 31 мамыр күні елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.30-да «Астана Опера» театрында «Нано-Опера» халықаралық жас режиссерлер байқауының жеңімпазы Еренбақ Тойкеновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Қаржы министрлігінде Қоғамдық кеңес пен ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді, онда бюджеттің ашықтығының әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланады.

16.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ ғимаратында 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ тыңдалымы өтеді. Бұл шара «Самұрық-Қазына»АҚ Қоғамдық кеңесінің диалог алаңында өтеді.

17.00-де ҚР Ұлттық музейінің ұжымы «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесу өткізеді. Партия өкілдері ұжымға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында CHANEL №5 деректі драмасы қойылады.

АЛМАТЫ

15.00-де Достық даңғылы, 85 мекенжайында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссиясы балалардың жазғы демалысы және қауіпсіздігі, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бос уақыты мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

18.30-да М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Ақтастағы Ахико» драмасы қойылады. Спектакльге жапондық Ахико Тецуроның тағдыры арқау болған. Ол Қарлаг түрмесіне 15 жасында түсіп, азапты торда 10 жыл отырған.

19.00-де Республика сарайында Ne Prosto Orchestra ұжымы «Attack on Titan» концертін ұсынады.


Соңғы жаңалықтар