31 мамырда Алматыдағы тарихи ескерткіштерге гүл шоқтарын қою шарасы өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматыда бірқатар тарихи ескерткішке гүл шоқтарын қою салтанатты шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, 31 мамыр күні таңғы сағат 09.00-де Алмалы ауданындағы Қарағайлы алаңында қала басшылығы, қоғам қайраткерлері мен жастардың қатысуымен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын апарады.

Гүл қою рәсімі қаланың басқа да аудандарында жоспарланған:

- Әуезов ауданында Т. Рысқұлов ескерткіші алдындағы салтанатты шара 31 мамырда сағат 10:00-де Жандосов көшесі, 55 мекенжайындағы Нархоз университетінің алдындағы гүлзарда өтеді;

- Алмалы ауданында М. Тынышпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 30 мамырда сағат 09:30-да Шевченко көшесі, 97 мекенжайында өтеді;

- Т. Жүргенов ескерткішіне 31 мамыр күні сағат 09:00-де (Панфилов көшесі, 127 мекенжайы) және А. Байтұрсынов ескерткішіне 31 мамыр күні сағат 10:30-да (Байтұрсынов көшесі, 60 мекенжайы) өтеді.

- Алатау ауданында «Қандысай жазығы» ескерткішіне гүл шоқтары 31 мамыр күні сағат 10:00-де Қарасу шағынауданы, Центральная көшесі, 37 мекенжайында өтеді;

- Бостандық ауданында О.Жандосов ескерткішіне гүл қою шарасы 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі – Гагарин даңғылы қиылысында өтеді.

Бұдан бөлек, Медеу ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихқа тағзым» концерті 31 мамыр күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтеді.


Соңғы жаңалықтар