31 мамыр. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 31 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

47 жыл бұрын (1976) Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлы КАЛЕНДЕРОВдүниеге келді.

Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» ЖШС бухгалтері болып бастаған.

1998- 2000 жылдары «Шың» ЖШС бухгалтері, 2000-2003 жылдары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде және Жамбыл облыстық филиалында маман, бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, 2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2011-2013 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2013 жылдың маусым айынан бастап Қордай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Тараз қаласының әкімі (2013-2017), Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы (2017-2019) болды.

2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.

2022 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.

36 жыл бұрын (1987) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ вице-президенті Михаил Валерьевич ГРИШКО дүниеге келді.

Еңбек жолы: «Қазақстан қор биржасы» АҚ бағдарламалық қамтамасыз ету департаментінің перспективалық зерттеулер бөлімінің маманы (2008-2011); «Қазақстан қор биржасы» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің сауда-саттық жүйелерін дамыту бөлімінің маманы (2011-2012); «Қазақстан қор биржасы» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің сауда-саттық жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы (2012-2014); «Қазақстан қор биржасы» АҚ ақпараттық технологиялар департаменті жобалау бөлімінің бас маманы (2014-2015); «eTrade.kz» ЖШС-нің бас маманы (2015-2016); «Қазақстан қор биржасы» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің жобалау бөлімінің бастығы (2015-2017); «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2018).

2019 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар