31 мамыр. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

None
None
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 31 мамырға арналған күнтізбесін ұсынады.

31 мамыр, БЕЙСЕНБІ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

Дүниежүзілік темекісіз күн. Халықаралық темекі тартумен күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988-інші жылы мамырдың 31-ін Дүниежүзілік темекісіз күн деп жариялады. Әлемдік қауымдастық алдына - ХХІ ғасырда темекі тарту мәселесін жоюға қол жеткізу міндеті қойылды.

Дүниежүзілік аққұба қыздар күні. Көптеген анекдот кейіпкерлері, шаштараз өнері мен тотық сутегінің тұтқындары, гламур әлемінің бейкүнә құрбандары, солярии мен силикон әміршілері, нағыз джентельмендердің сүйіктілері және әйелдің жоғары логикасының иелері. Барлығы осы күнді алғашқы рет 2006 жылы лайықты атап өтті. «Бриллиантовая шпилька» атты сыйлығының тапсыру рәсімі өтті - бұл аққұбаларға арналған бірінші сыйлығы.

Ғалымдардың есептеуі бойынша таза аққұбалар өмірде аз болып келеді, олардың есебі бойынша 2202 жылға дейін аққұбалар жер бетінен мүлдем жоғалып кетеді. Соңғы 50 жыл ішінде бүкіл жер шарының тұрғындарының жалпы санынан аққұбалар саны 49 пайыздан 14 пайызға дейін қысқарды. Оның себебі бірнеше: біріншіден, бала аққұба болып туылуы үшін, оның ата-анасының шаштары ақшыл болуы керек. Екіншіден, қара шашқа ие елдердің халқы ұдайы өсуде, ал еуропалықтар - немістер, скандинавтықтар, ресейліктер «аққұба генін» тасымалдаушылар көбінде бір баламен ғана шектеледі. Ақшыл шашы бар соңғы адам Финляндияда дүниеге келеді деген тұжырым бар, өйткені онда ақшыл шашы бар адамдар көп кездеседі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды.

10 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш  XX ғасырдың 30-шы жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді-мекенінде орнатылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде еліміздегі қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

87 жыл бұрын (1925) Қызылордада Қазақстан кәсіподағының алғашқы съезі болып өтті.

7 жыл бұрын (2005) Петропавлда Н.Погодин атындағы облыстық драма театрының алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткiш орнатылды.

5 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» мемориалдық-мұражай кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

5 жыл бұрын (2007) танымал ғалым-заңгер, академик Салық Зимановтың «Мемлекет және мұнай операциялары саласындағы шарттар» атты кітабы жарық көрді.

Кітап мемлекет пен мұнай инвесторлары арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Шетелдік инвесторлар және мердігерлік ұйымдар қатысатын мұнай операциялары саласындағы «мемлекет - шарттар - заң шығару» жүйесінде пайда болатын теориялық және қолданбалы қарым-қатынастар қарастырылған.

ЕСІМДЕР

88 жыл бұрын (1924) Қазақстанның еңбек сіңірген шахтері, Социалистік Еңбек Ері, «Шахтер даңқы» орденінің толық иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты КУРЖЕЙ Станислав Павлович дүниеге келді.

Украинада туған. Қарағанды тау-кен техникумын, Томск политехникалық институтын бітірген. «Қарағанды көмір телімі» тресінің телім бастығы, шахтаның тау-кен шебері,   «Северный» телімі бас инженерінің орынбасары, Ертіс көмір телімі дирекциясының бастығы, «Богатырь» телімінің бастығы қымзеттерін атқарған. 1988 жылы зейнет демалысына шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылмына депутат болып сайланған.

2 мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», 2-ші дәрежелі «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

207 жыл бұрын (1805-1870) итальяндық композитор ПУНИ Цезарь дүниеге келді.

Италияда туған. Генуядағы музыкалық мектепті бітірген.

Өзінің композиторлық қызметін опера жазудан бастаған. Композитордың опералары Италиядан басқа, Лондонда, Венада, Берлинде орындалған. 1820 жылдың аяғында танымал балериналар М.Тальонға, Х.Гризиға, Ф.Эльснерге арнап балет жазған.

«Эсмеральда», «Катарина, дочь разбойника», «Мраморная невеста», «Скрипка дьявола», «Наяда и рыбак» атты танымал балеттердің авторы.

1850 жылы Пуни Петерборға (Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласы) көшіп келіп, бұл жерде 35 балет жазған. Олардың ішінде «Дочь фараона», «Конек-Горбунок», П.Ершовтың ертегісі бойынша «Царь-девица» және тағы басқалары бар.

56 жыл бұрын (1956) «МемжерҒЗО» РМК Астана қаласының еншілес ммемлекеттік кәсіпорны  директоры ХАТИЕВ Нұрман Оспанбекұлы дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген. Қазақ экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында маман болып қызмет атқарған. 1983-1986 жылдары - Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінде аға агроном, аға маман. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының көмекшісі. 1994-1996 жылдары - «Жер ана» мамандандырылған кәсіпорнының директоры. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің сектор меңгерушісі. 1999-2005 жылдары - «Астана қалалық жер ресурстары ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорынның директоры. 2005-2006 жылдары - Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының бастығы. «Астанатопография» кәсіпорнының директоры болды.

47 жыл бұрын (1965) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары МҰРАТОВ Жомарт Хайдарұлы дүниеге келді.

Киев қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы  бойынша тәмамдаған.  Еңбек жолын Кеңестік Армия қатарындағы қызметтен кейін токарь-карусельщиктің шәкірті болып бастаған. Одан кейін 15 жыл бойы бизнес саласындағы түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2004-2009 жылдары - «Жәрдем-Агро» аграрлық-инвестициялық компания» ЖШС-нің атқарушы директоры. 2009 жылғы  маусымда - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының бастығы.  2010 жылғы 16 шілдеден - Ұлан ауданының әкімі.  2012 жылғы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

54 жыл бұрын (1958) Қостанай облысындағы Таран ауданының әкімі БОНДАРЕНКО Александр Николаевич дүниеге келді.

Қостанай облысының Федеоров ауданында туған. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бітірген, ғалым-агроном. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. 2008-2010 жылдары Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданының әкімі болды. Қазіргі қызметінде 2010 жылғы қыркүйектен бері.

37 жыл  бұрын (1975) ҚР Білім және ғылым вице-министрі ШАЯХМЕТОВ Саят Болатұлы дүнитеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Түркияның Ыстамбұл университетін бітірген. 1999-2008 жылдары  ҚР Білім және ғылым министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарда болды. 2008-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде проректор, осы оқу орны өкілдігінің жетекшісі.  2010 жылы БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы, төрағаның орынбасары. 2011 жылғы қазаннан қазіргі қызметінде

 

Соңғы жаңалықтар