+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

31 қазан. Туған күн иелері

2020 жылғы 31 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
31 қазан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 31 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1962) «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Еркінбайұлы ҚАРЫМСАҚОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. 1985 жылы Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл облыстық көлік басқармасында инженер болып бастады. 1987-1990 жылдары «Еңбекші» колхозында заңгер. 1990-1993 жылдары «Тянь-Шань» кооперативінде бухгалтер. 1993-1996 жылдары Қордай ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі. 1996-1999 жылдары Алматы қалалық Салық инспекциясында аға инспектор, Алматы қалалық Түріксіб ауданында Салық комитетінің аудит бөлімінің басшысы. 1999 жылы Алматы қалалық Әуезов ауданында аудит бөлімінің басшысы. 2000 жылы Алматы қалалық Салық комитетінің аудит бөлімінің басшысы. 2002-2003 жылдары Әділет министрлігінің сот-сараптама орталығының басшысы. 2003 жылдың қазан айынан Алматы қалалық Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдың мамыр айынан Алматы облысы Салық департаментінің басшысы. 2009 жылдың желтоқсан айынан Алматы қаласы Салық департаментінің басшысы. 2014 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2015-2018 жылдары – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап.

50 жыл бұрын (1970) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерін басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директоры, «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Алмасадам Майданұлы СӘТҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1992-1997 жылдары - «ТаССаТ» ЖШС директоры. 1997-1998 жылдары – «ҚазТрансОйл» МТҰК» АҚ менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы. 1998-2001 жылдары – «ҚазТрансОйл» МТҰК» АҚ басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президент. 2001-2003 жылдары –«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президент. 2003-2006 жылдары – «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті. 2006-2007 жылдары - «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» «Самұрық» АҚ «KEGOC» АҚ бойынша директоры – топ жетекшісі, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары, «KEGOC» АҚ «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы президенті, бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде – 2018 жылдан бері.

49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Кеңесбайұлы МЫРЗАЛИН дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004 жылдың қаңтары 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi. 2006 жылдың сәуiрнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007 жылдың наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылдың сәуiр-мамыр айларында - «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013 жылы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың наурызынан берi Ақмола облысының әкiмi болған. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан. «Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

42 жыл бұрын (1978) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Асқарбекұлы БЕКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Құқық және нарық академиясын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің редакция-баспа бөлімінде корректор болудан бастады. Әр жылдары Алматы қалалық салық комитетінің салық инспекторы, жетекші, кейін бас маманы, ҚР Қаржы министрлігінің үкіметтік займдарды тарту басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкішілігінің мемлекеттік ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2010-2014 жж. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, СҚО әкімінің орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтарынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік жұмыстар департаментін басқарды. «Ақтөбе» ӘКК басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметінде.

36 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Төлеұлы ТӨЛЕЕВ дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер. Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік Басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды. 2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.

24 жыл бұрын (1996) қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Рамазанқызы СӘДУАҚАСОВА дүниеге келді.

Ақмола қаласында туған. Ол шахмат ойнауды бес жасынан үйренген. 2012 жылы 16 жасында Қазақстанның әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстрі атанған. Халықаралық гроссмейстер биыл Әл-Аинде (БАӘ) өткен Азияның шахмат саммитінде 2017 жылғы ең үздік шахматшы атанды. Asian Chess Excellence Awards сыйлығын иеленді. Қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол – биыл ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерікті елшісі болып сайланған тұңғыш қазақ қызы. Динара жыл сайын шахматтың қыр-сырын үйрету, жастарды кәсіби шыңдау мақсатында «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» атты шахмат турнирін өткізіп тұрады. Азияның ең үздік шахматшысы 16 қазан 1996 жылы Астанада өмірге келген. Жастайынан көпшілікке шахматты үйретуді қолға алуы – еңбекқорлық. 2014 жылы «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабын стипендиясына шығарған. Осы кітаппен 2016 жылдан бері қазақстандық оқушылар шахмат үйренеді. «Құрмет» орденінің иегері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT