31 қазан күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 31 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің шығысында фронталды бөліктердің ықпалынан қар жауса, батыс өңірлерде орталығы Қара теңіз маңайында орналасқан циклон жырасының әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстік және батыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында сондай-ақ тұман болжанады.

Тәулік бойы Ақмола, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар