+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

31 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 31 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
31 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 31 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік қалалар күні

2014 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Бұған БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылдың желтоқсан айында қабылдаған резолюциясы бастау болды. Мақсаты – халықаралық жұртшылықтың әлемдік урбанизация проблемаларына назарын аударту.

Халықаралық жинақтау (қаражатын жинақтау) күні

1988 жылғы қазанның 27-29 аралығында елдің жинақ кассаларының өкілдері Миланда өздерінің бірінші халықаралық арнайы конгрестеріне жиналды. Конгресс жұмысының соңғы күні – 31 қазанда «барлық елдердегі жинақ банк институттарының бірінші құрылтайын есте сақтау» идеясы өмірге келді, бұл күнді «Халықаралық үнемдеу күні» (International Saving Day) ретінде жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды. Алайда құрылтайшылардың пайымынша, бұл күні тек ақшаны үнемдеп қана қоймай, үнемді кең мағынасында: уақыт үнемдеуге, заттарға ұқыпты қарау, т.б. мәселелерге қолдануға арнау қажет. 1989 жылы БҰҰ нұсқау қабылдап, онда 31 қазанды Халықаралық үнемдеу күні етіп бекітті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы бірінші вице-премьер Н. Исингариннің төрағалығымен Ақмоладағы Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды қайта бөлу бойынша мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

1995 жылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ өнімдеріне «Алтын глобус» (Дания) халықаралық сыйлығы берілді. Бұл сыйлықты «Шығыстың даму негізі» халықаралық ұйымы бекіткен.

1998 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Буюк хизматлари учун» («Зор еңбегі үшін») орденімен Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға, тарихи қалыптасқан өзбек-қазақ мәдени, рухани және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге, екі елдің халықтары арасындағы дәстүрлі тату көршілік дәнекерлікті нығайтуға қосқан аса зор үлесі үшін марапатталды. «Буюк хизматлари учун» орденімен Өзбекстан Республикасының азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары ғылым мен техниканы, экономика мен мәдениетті дамытуға сіңірген үлкен еңбегі, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға, Өзбекстанның халықаралық беделін арттыруға бағытталған ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.

2003 жылы ҚР Қарулы күштері Алматы жоғары әскери училищесінің атауы Құрлық әскерлері әскери институты болып өзгерді. Институттың басты міндеті – біліктілігі жоғары құрлық әскерлері офицерлерін дайындау.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында Ғарыш жөніндегі кеңес құрылды.

2011 жылы қазақ әдебиетінің танымал классигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази, дарынды жас жазушы Асқар Алтай, драматург, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова Франц Кафка медалімен және арнайы дипломдармен марапатталды.

2015 жылы Миланда ЭКСПО-2015 көрмесіндегі арнайы қазылар алқасының дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны көшбасшылар үштігіне енді. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан қос қабатты қазақстандық павильонның тақырыбы ретінде «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» тақырыбы таңдалды.

2018 жылы Павлодарда көзі нашар көретіндер мен зағип жандар үшін ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме» еңбектер жинағы шығарылды.

2018 жылы Қазақстан құрамасы Бакудегі әлем чемпионатында отандық грэпплинг тарихында үздік нәтиже көрсетті. 16-17 жас шамасындағы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дина Какенова грэпплингтен әлем чемпионы атанып, бірінші орынды жеңіп алды.

2019 жылы Қазақстан алғаш рет Женевадағы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ISAR) жөніндегі үкіметаралық топтың төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ISAR 36-сессиясында белгілі болды.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы (ISAR) есеп пен есептілікті дамыту, озық тәжірибемен алмасу саласындағы неғұрлым өзекті проблемалар мен басымдықтарды айқындау үшін жаһандық және инклюзивті форум ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (UNCTAD) құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT