31 қаңтар. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 31 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

75 жыл бұрын (1948-2008) жазушы-драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қырғызстан Республикасы Т. Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығының лауреаты Баққожа МҰҚАЙ дүниеге келген.

Алматы облысында Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінен бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.

1990-1995 жылдары Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында бас редактор, бас басқарма бастығы болған.

Жазушының «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары, «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптары жарық көрген. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған.

Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальмен марапатталған.

62 жыл бұрын (1961) Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғы мекемелері жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы Асқар Асанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түлкібас ауданында туған.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

1983-1988 жылдары – Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер-технологі, «Ленин жолы» кеңшарының консерві цехының бас технологі, бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1988-1994 жылдары – Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры. 1994-1998 жылдары – «Көктерек» акционерлік қоғамының президенті. 1998-2001 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты. 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған. 2013 жылдан сенатор, 2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың тамыз айынан бері.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

58 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрбах Тұрарұлы РҮСТЕМОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) туған.

Алматы шетел тілдері институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1986-1987 – жылдары Түркістан қаласы №1 мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі. 1987-1990 жылдары – Түркістан қалалық комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары – «Қазақинторг» АҚ сарапшысы. 1991-1992 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК Шымкент облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1997 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқарма бастығының орынбасары, бастығы, бөлім бастығы, хатшысы. 1997-1999 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің протокол-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1999-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2010-2013 жылдары – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2014 жылдан 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы, Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бері.

«Құрмет», «Достастық» (ТМД ПАА) ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Бариұлы ИМАНБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған.

1990 жылы М. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген.

1992 жылдан Қазақстан СІМ жүйесінде еңбек етеді. ҚР СІМ Астана қаласындағы Консулдық пунктінің басшысы, Ақмола облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы болды. ҚР Литвадағы, Германиядағы елшіліктерінде еңбек етті, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, ҚР СІМ Халықаралық экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып істеді. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың ақпан айынан бері.


Соңғы жаңалықтар