31 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы және 2022 жылдың II жартыжылдығында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу қорытындылары қаралады.

12.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қызметі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың негізгі бағыттары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы; ҚР Оқу-ағарту техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Жүнісов Ернат Гапуұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де Номад Сити Холл театрына «Чарли Чаплин» трагикомедиясы көрсетіледі.


Фото: images.squarespace-cdn.com

Соңғы жаңалықтар