+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

31 арнаның бұрынғы басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды

2020 жылғы 31 шілде 19:28
Бөлісіңіз:
31 арнаның бұрынғы басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 арнаның бұрынғы директоры Бағдат Қожахметов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы тіркелді Коронавирустан жазылғандар саны 376831- ге жетті Қазақстанда өткен тәулікте 1058 адам коронавирусқа шалдыққан

«Мен кешеден бері Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болғандығы туралы ақпаратты растаймын. Шамамен 10 күн бұрын Facebook-тегі парақшама денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осы қиын уақытта көмектесуге дайын екенімді жазған болатынмын. Өкінішке қарай, мен адамдарды қалай сауықтыруды білмеймін, қолдан келсе оны да жасар едім. Бірақ мен бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс саласында қалай жұмыс істеу керектігін білемін. 1-2 күнде министр қоңырау шалып, осы жұмысты ұсынды. Мен қуана келістім. Бір жағынан бұл мен үшін - азаматтық парыз, екінші жағынан бұл - кәсіби міндет», - деді Бағдат Кожахметов ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.

Оның айтуынша, жұмыстың алғашқы күні өз нәтижесін берді.

«Жұмыстың алғашқы күнінде біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық орталығын құратын болып шештік. Біздің басты міндетіміз - бүгінгі күнге дейін жиналған барлық мәселелерді шешу үшін қоғаммен сапалы байланыс орнату», - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ресми өкілі.

Ол журналистерді, PR және маркетинг саласындағы әріптестерін жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

«Бұл денсаулық сақтау жүйесінің проблемасы ғана емес, бұл - бүкіл қоғамның проблемасы. Еліміздің болашағы біздің дәрігерлерге бүгінгі індетті жеңуге қалай көмектесетінімізге байланысты», - дейді ол.

Бағдат Қожахметов бұған дейін «31 арнаны» басқарған, Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болған, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақпарат және қоғаммен байланыс орталығын басқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT