300 мыңнан астам қазақстандық QazVaс вакцинасын алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мамандары ойлап тапқан технологиямен жасалып, Жамбыл облысында өндіріліп жатқан QazVaс вакцинасын бүгінге дейін 300 мыңнан астам қазақстандық алып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының Facebook-тегі парақшасында жазылды.

Жазбада келтірілген мәлімет бойынша, коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының мамандарымен кездесіп, отандық вакцина шығаратын «ОтарБиоФарм» зауытына бас сұққан.

«Қазір зауыт жабдықты валидациялау режимінде жұмыс істеп тұр. Қыркүйекте штаттық жұмыс режимге көшсе, жыл соңына дейін QazVac-тың 2 млн дозасын шығару жоспарланып отыр», - деп заылған штаб таратқан мәліметте.

Штаб өкілдері институттың бас директоры, биология ғылымдарының докторы, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Күнсұлу Закарияның отандық вакцинаның мүмкіндігі туралы айтқан мәліметтер ортаға салып отыр.

«Маманның айтуынша, қазір елімізде 300 мыңнан астам қазақстандық QazVac вакцинасының 2 дозасын алған. Әзірге бірде-бір өлім оқиғасы тіркелмеген. Бұл отандық вакцинаның сенімділігіне кепілдік беретінін растайды», - деп жазылған штабтың ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар