300 қызылордалық баспаналы болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордадағы «Астана» шағын ауданында 300 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды көптен күткен қоныс тойларымен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

- Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл - біздің басты жетістігіміз. Соңғы үш жылда облыста құрылыс 3,5 есеге, Қызылорда қаласында 8 есе өсті. Бүгінгі күнге дейін «Астана» шағын ауданында көпқабатты 17 тұрғын үй салынса, осы жылы 16 үй бой көтереді,- деді аймақ басшысы. 
 

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» шағын ауданындағы үйлердің құрылысы  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 2015 жылы - 7, өткен жылдың мамыр айында 5 үй пайдалануға берілді.
 

Соңғы жаңалықтар