300-ге жуық мемлекеттік мекеме open space жұмыс форматына көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Жанар Тайжанованың айтуынша, жарты жылда жобалық кеңсеге 6 мыңнан астам азамат келген. Олардың үштен бірі бұзылған құқықтарын қалпына келтірген, 300-ге жуық мемлекеттік мекеме open space жұмыс форматына өтіп, 1700-ден астам басқармалар мен департамент басшылары бірінші қабатқа көшірілді.

Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тәжірибесін өңірлерге таратуды ұсынды.

«Қазір бар назарымыз республика мен облыстар деңгейіне ауып отыр. Сондықтан тез арада аудандар мен ауылдарды қолға алу керек. Орталық мемлекеттік орган бойынша, өңірлердегі барлық құрылымдық бөлімшелер белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Сонда ғана, басты шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырып, өткізе аламыз», - деді Алик Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар