300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резерв құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар - алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші», - дейді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар