30 жылда қарқынды даму прогресіне қол жеткіздік - Елбасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан 30 жылда дамудың прогрессивті жолына шықты. Бұл туралы Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 жылда біз дамудың жақсы прогресіне қол жеткіздік. Жалпы ішкі өнім тәуелсіздік жылдарында 1993 жылы 11 млрд АҚШ доллары болса, қазір 171 млрд долларына жетті.

Бұл жалпы Азия елдерін қоса алғандағы көрсеткіштен де көп. Қазақстанның халықаралық резервінде 86 млрд АҚШ долларын жинады. Бұл қаражат тұрақты ақша-несие саясатын жүргізуге жеткілікті болмақ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол халықтың тұрмыстық жағдайының көтерілгенін айтты. 300 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттырады.

«ШОБ саласы дамып келеді. Ол Қазақстан экономикасының 27%-ын құрайды. Біздің міндетіміз - ШОБ үлесін 50 пайызға жеткізу», - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференцияда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевты «егемен елдің жылнамасын жазған адам» деп атады.

Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің КСРО Үкіметін басқару туралы ұсыныстан қалай бас тартқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар