+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

30 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 30 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
30 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 30 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды.

1998 жыл Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтып, өскелең ұрпақтың бір-бірімен байланысын нығайту мақсатында 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды.

1999 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражай-үйі ашылып, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2005 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні және Православиенің Рождество мерекесі демалыс күндері болып бекітілді.

2011 жылы Д. Қонаевтың 100 жылдығына арналған фотоальбом жарыққа шықты. Фотоальбом отбасылық мұрағаттан материалдардан пайдаланған эксклюзивті басылым болды.

2011 жылы Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) «Мінсіздікті мойындау» сертификатына ие болды. Ол елордалықтарға Еуропада таралған қалалық туризм және спорт басқармаларының сапа стандартына сәйкестігі үшін берілді.

2013 жылы Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Хошимин қаласындағы (Вьетнам) құрметті консулы Нгуен Тхань Хунгке консулдық патентті табыстады. Құрметті консул Қазақстанның Вьетнамдағы мүддесін қорғап, консулдық аймақта Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының мүдделері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2013 жылы Ақтөбеде драма театрының саябағында қазақ әдебиетінің классигі – ҚР Халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановқа, халық ақыны, драматург Қуандық Шаңғытбаевқа салтанатты түрде ескерткіш ашылды. Қола ескерткіш екі фигураны біріктірді. Драматург Тахауи Ахтанов орындықта отырса, оның қасында досы, жерлесі, ақын Қуандық Шаңғытбаев бейнеленді. Ескерткіштің биіктігі – 6,5 метр. Авторы – жас болса да, кәсіби ортада танылған мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

2015 жылы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оның даму бағдарламасы бекітілді.

2017 жылы Олимпиада чемпионы, әлемдік ең беделді жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері Александр Винокуров негізін қалаған «Vino» брендінің кәсіби спорттық велосипеді Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) аккредитациясын алды.

2018 жылы Малайзия астанасы Куала Лумпурде өткен менталды арифметика бойынша XXIII бүкіләлемдік жарыста қазақстандық «есептеуіш-балалар» 37 медаль жеңіп алды. Чемпионатқа әлемнің 80 елінен 5000-ға жуық «есептеуіш-бала» қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT