30 жасқа дейін кәсіпқой бокста әлем чемпионы болғым келеді -Данияр Елеусінов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Open Ring YouTube-жобасына берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісіп, британдық Джош Келлимен болатын жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Жаңа жылдан кейін Америкаға қайтамын (АҚШ). Келесі айқасқа дайындаламын. Жекпе-жекті Лондонда өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл айқаста 10 раунд болады. Таяуда титул үшін де айқаспақпын», - деді боксшы.

«Қазір менен мықты қарсыласпен айқасуымды талап ету дұрыс емес деп ойлаймын. Тіпті, Мейвезер мен Головкин нөлден бастады. Менің қазіргі қарсыластарым олардың алғашқыдағы қарсыластарынан да күшті болуы мүмкін. Бұл жыл мен үшін жақсы болды деп есептеуге болады. Келесі жылы бұдан да көп жекпе-жектер өткізгім келеді. 30 жасқа дейін әлем чемпионы болуды қалаймын», - деді Д.Елеусінов.

Елеусінов британдық Джош Келлимен бәсекелестік туралы да сөз қозғады. Айта кетсек, екі боксшының да істерін промоутер Эдди Херн жүргізеді.

 «Оған әлі мені айқасқа түсуге ерте. Мұны кәсіби бокстың не екенін білетіндердің барлығы түсінеді. Мұның бәрі бос сөз. Келли өзіне пиар жасағысы келеді», - деді ол.

Сондай-ақ, қазақстандық оның комнадасының жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар