+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

30 шілде: Туған күн иелері

2020 жылғы 30 шілде 08:10
Бөлісіңіз:
30 шілде: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 30 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
14 қыркүйек. Туған күн иелері 14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 13 қыркүйек. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

185 жыл бұрын (1835-1929) әнші, ақын, композитор ЖАЯУ МҰСА Байжанұлы дүниеге келді.


Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 жылы Қызылжарға келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Қаладағы оркестрлердің, әншілердің орындауындағы концерттерді қызыға тыңдайды. Бұл оның музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Жаяу Мұсаның Шоқан Уәлихановпен бірге жүруі, Ыбырай Алтынсариннің өлеңіне («Кел, балалар, оқылық») ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н.Толстой кейіпкерінің атын баласына қоюы оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады.
1854 жылы Омбы қаласындағы орыс мектебінде оқыған. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, тағы басқа қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады. Жаяу Мұсаның тырнақалды туындысы «Қыздар-ай» Омбыда дүниеге келді. Ол туған ауылына сауатты азамат, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаз болып оралады. Келе ауыл өміріне қызу араласты. Әкімдердің, би-болыстардың парақорлығын әшкерелеп, әсіресе, Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығын айтып Омбы генерал-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, «жаяу» атандырды. Осы тұста шығарған «Ақсиса» әнінде әлеуметтік теңсіздікке наразылығын білдіреді. Билігі жүріп тұрған Шормановтар әртүрлі жала жауып, 1860 жылы оны Тобылға 12 жылға жер аудартқан. «Сүйіндік», «Тұтқын зары» әндері осы кезде шыққан. Тұтқында 2 жыл болғаннан кейін өзі сұранып әскерге кетеді. Оны Литвада Орталық Азия жорығына дайындалып жатқан Г.Черняевтің отрядына жібереді. 1863-1865 жылдары осы отрядтың жүк батальоны құрамында Шымкент, Әулие-ата (Тараз), Верный (Алматы) жорығына қатысқан. Черняевтің халыққа көрсеткен зорлығына қатты наразы болып, туған ауылына оралады. Оған ата жаулары елде де тыныштық бермей, қайта қуғынға салған. Жергілікті халықтың ауыр тұрмысын, билеушілерден көрген зорлық-зомбылығын айтып түсіндіру үшін ол Санкт-Петербургқа аттанады. Бірақ одан да қолдау таба алмаған соң, Латвияда, Польшада болып, соңынан Қазанға келіп аялдайды. Жаяу Мұсаның әншілік, композиторлық өнері халық музыкасымен тығыз байланыста дамыды. Сол тұста өмір сүрген Тоқсанбай, Жанақ, Түбек, Көтеш, Жаңабай сынды ақын-жыршылардың дәстүрлерін үлгі тұтып, жаңалыққа құлаш ұрды. Жаяу Мұсаның әлеуметтік теңсіздікті әшкерелейтін «Ақсиса», «Хаулау», «Шормановқа», «Толғау», «Бұзау зары», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», туған жер табиғатын суреттейтін «Баянауыл», «Жаздың күні», «Жазда», «Ұлытау», «Сарын»; аңшылық-саятшылық туралы «Тұрымтай», «Қаршыға», «Көгершін», күлдіргі «Құлбай», «Қазан қыздары», махаббатты жырлайтын «Сұрша қыз», «Шолпан», «Сәулем қыздар», «Гауһар қыз», «Ләйлім»; өмірлік серігі Сапарға арналған «Келдім, Сапар, басыңа» атты әндері бар.

Сондай-ақ ол лирикалық сипаттағы «Қыз күйі», «Қыз бала күйі», «Қызқарқара», «Қамшылау» сияқты күйлердің де авторы. Жаяу Мұсаның музыкалық шығармалары халықтың әншілік-орындаушылық дәстүрі, сондай-ақ қала әсерінен пайда болған марш, би ырғағындағы туындылар негізінде дамыған. Жаяу Мұсаның әндерінде қазақ халық әндерінде аса сирек кездесетін құбылыс - классикалық музыканың формасын құрайтын ерекшеліктер «Ақсиса», «Ескендір», «Тұрымтай» әндерінен анық байқалады. Жаяу Мұса композитор, әнші ғана емес, өз әндеріне лайықтап, өлең шығарған ақын. Көптеген мысқыл өлеңдерімен қатар «Шал мен торғай», «Бөдене мен қаншыр» атты мысалдары да бар. Жаяу Мұса көңілге түйгендерін орысша, қазақша қағазға түсіріп отырған. Қазақ қоғамының әлеуметтік. істеріне белсене араласып, ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосқан. Көптеген колжазбалары Алматы, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мұрағаттарынан табылған. Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар - А.Затаевич, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, М.Лалинов; әндерін айтып берушілер - Қ.Бабақов, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Лекеров, Ж.Елебеков және Жаяу Мұсаның баласы Салық Мусин. Оның музыкалық мұрасын қазақ композиторлары опера («Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан - Сара», «Бекет»), симфония, эстрада жанрларында пайдаланған. Жаяу Мұсаның әндері қазіргі әншілердің репертуарынан орын алды. Әнші бейнесі көркем шығармаларда, З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында сомдалған.


69 жыл бұрын (1951) әнші, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Бүкілодақтық комсомол сыйлығының, кәсіпқой әншілердің Михаил Глинка атындағы бүкілодақтық, Р.Шуман атындағы халықаралық конкурсының және Рио-де-Жанейрода өткен Халықаралық байқаудың лауреаты Әлібек Мұсаұлы ДІНІШЕВ дүниеге келді.


Алматы қаласында туған. Алматы музыкалық училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1976-1979 жылдары Қазақ филармониясының, 1978-1996 жылдары Қазақ опера және балет театрының әншісі болған. 1997 жылдан бастап «Әлібек Дінішев театры және вокал академиясын» құрып, соған басшылық жасауда.

Ол театр сахнасында Ленский (Петр Чайковскийдің «Евгений Онегинінде»), Владимир (Александр Бородиннің «Князь Игорінде»), Айдар (Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайында»), Төлеген (Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде») т.б. партияларды орындап, халыққа концерттік-орындаушылық қызметімен де кеңінен танылды. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, халық композиторларының әндері, сонымен қатар шетел композиторларының да шығармалары бар. «Парасат» орденімен, медальмен марапатталған.

53 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасының энергетика министрі Нұрлан Асқарұлы НОҒАЕВ дүниеге келді.

И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш стансасында электр шебері болып бастаған. 1993-1995 жылдары - Мәскеу қаласындағы «Гили-Паскер» ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор. 1995-1996 жылдары - Алматы қаласындағы «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары. 1996-2006 жылдары - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор. 2006 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры. 2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орынбасары. 2012 - 2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2016-2019 жылдары Атырау облысының әкімі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурыз айынан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

44 жыл бұрын (1976) «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Сәкенұлы ОШАҚБАЕВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1999 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің экономика факультетін (1999); Вашингтонда халықаралық бағдарламамен оқыған (Central Asia-Caucasus Institute at Johns Hopkins University's School of Advanced International Studies (SAIS).

Еңбек жолы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы-лизинг компаниясында бас есепші, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары (2001-2002); «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы (2002-2003); Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Қазақстанда лизингті дамыту жөніндегі жобасына басшылық еткен (2003-2004); кәсіпкер, жекеменшік компанияның бас директоры (2004-2008); «АӨК экономикалық саясаты талдау орталығы» ЖШС бас директоры (2009-2011); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ақпараттық-талдау департаментінің директоры, Қоғамның басқарушы директоры (2011-2012); «Атамекен» Одағы» ҰЭКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2012-2013); Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (2013-2015); ҚР инвестициялар және даму вице-министрі (2015-2016).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен; «Еуразия экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» ІІ дәрежелі меделімен (2015) марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT