30 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Автор:  
Айжан Серікжанқызы

30 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.40-та Rixos President Astana қонақ үйінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық кәсіпкерлермен кездеседі. Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысады.

10.00-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде балаларды 1-сыныпқа қабылдау туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Park Inn by Radisson Astana қонақ үйінде Таксиді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының таксомоторлық бизнес өкілдерінің кездесуін өткізеді.

Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы таксиге тапсырыс беру қызметінің мәселелері мен мүмкіндіктерін, олардың тарифі мен комиссиясын талқылайды.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қаржы пирамидаларының алдын алу: өскелең ұрпақтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаты» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Владимирович Давыдов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысы Өмірсерік Сайлаубайұлы Тажмағанбетов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ресми өкілі Әлібек Сағидоллаұлы Әбділов.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

12.10-да «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Қазақстанда жасалған» үкіметтік бағдарламасын әзірлеу шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау туралы дөңгелек үстел қорытындысы бойынша баспасөз брифингі өтеді.

17.00-де Астана қаласы полиция департаментінде қоғамдық полиция көмекшілерінің куәліктері және төсбелгілер салтанатты түрде тапсырылады.

18.30-да Nomad City Hall театрында Four seasons Vivaldi концерті өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.

19.00-де Astana Opera театрында Д. Чимарозаның «Жасырын неке» екі бөлімді опера-буффасы сахналанады.





Серіктестер жаңалықтары