30 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамту орталықтарының көмегін пайдаланды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жұмыспен қамту орталықтары арқылы халықты еңбекпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспардан тыс орындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық әкімдік өкілдері 2016 жылы кешенді жоспардың 123,5 пайызға орындалғандығын айтып отыр. Жұмыспен қамту орталықтары кешенді шаралармен 30 мың 330 адамды қамтыды. Соның ішінде 17 мың 401 тұрғын тұрақты жұмыс орындарына орналастарылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 4 мың 784 жұмыссыз тартылды. Кәсіби дайындықтан 697 адам өтті. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтарына қайырылған 1 мың 285 адам жіберілді. Жастар тәжірибесімен жоғары оқу орындары мен колледждердің 2 мың 153 студенті қамтылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млрд теңге көлеміндегі 953 шағын несие бөлінген.

«2015 жылы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдерімен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өте ауқымды бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аймақтағы әрбір жұмыс беруші мүгедектерді жұмыспен қамту деңгейін үш пайызға жеткізуі керек. Биылғы жылы жұмыспен қамтудың нәтижелі дамуы мен жаппай кәсіпкерлікпен айналысу бағдарламасының кезекті кезеңі басталды. Бұл ретте негізгі екпін тұрғындарды қысқамерзімді жұмыспен қамту мәселесіне ғана емес, адамдарды еңбек нарығындағы сұраныс тудырып отырған мамандықтарға үйрету шараларына және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталатын болады»,-делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Бұл ретте басымдық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге берілмек.

Соңғы жаңалықтар