30 мыңнан астам қазақстандықтың Telegram-аккаунттағы жеке деректері желіге тарап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық қолданушылардың 30 мыңнан астам Telegram-аккаунтының жеке деректері желіге тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік техникалық қызметке сілтеме жасап.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Интернеттің қазақстандық сегментіне мониторинг жасау барысында Telegram-аккаунттардың бірінен Telegram мессенджерін қолданушылардың жеке деректері туралы 744 мың жазба жинақталған файлды тапты.

Талдау барысында файлда қолданушының ID-і, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзім туралы» бағанындағы қолданушының жазбасы сынды жеке деректер бар екені анықталды. Оның ішінде 30 мың аккаунт қазақстандық телефон нөмірлеріне тіркелген болып шықты», - деп мәлім етті «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT баспасөз қызметі.

Файл табылған Telegram-каналдың авторы оны «Глаз Бога» ТМД-дағы ірі сервисінің (1 млн-нан астам қолданушы) клиенттер базасы деп берген. Ол әлеуметтік желі, мессенджерлер, іздеу жүйелері мен басқа дереккөздер негізінде жиналған қолданушылардың жеке деректерін сұрау бойынша алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік техникалық қызмет мамандарының түсіндіруінше, жеке деректердің желіге кетуі алаяқтардың ақпаратты әлеуметтік инженерияда, атап айтқанда, жеке және банктік деректерді алу мақсатымен хабарласу және хабарлама жіберуде пайдалану қаупін тудырады.

«Осыған байланысты Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық пайдаланушыларына кибергигиена сақтаудың маңызын еске саламыз, сонымен қатар Интернетте өзіңіздің жеке деректеріңізді енгізу кезінде мұқият болып, үшіншілерге жеке ақпаратты бермеуді сұраймыз», - деді «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар