30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
2022 жылғы 23 маусым 08:46

30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - делінген Өкімде.




Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT