30 маусым елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның кезекті сессиясы шақырылады.

11.00-де Есіл ауданының полиция басқармасында «2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі ПД бағдарламасы аясында ұрлықтың алдын алу және азаматтардың мүлкін қорғауды арттыру бойынша кешенді шаралар әзірлеу» атты брифинг өтеді.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

16.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Дүние ғапыл» метафизикалық драмасы қойылады.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Боранды бекет» драмасы ұсынылады.

19.00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» орталығында «Достар серті» мюзиклі көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар