30 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Назарбаев Университетінде SDSN Kazakhstan желісінің (Sustainable Development Solutions Network, БҰҰ) бірінші конференциясы өтеді.

9.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің 7-отырысы өтеді.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде азаматтық авиацияны дамыту және АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеудің кешенді шаралары қаралады.

10.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Қазақтелеком» АҚ қызметінің 2022 жылғы қорытындыларына арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Балалардың отпен ойнауы және оның салдары. Құрғақ шөп жануының алдын алу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Қанат Аймағамбетовтың төрағалығымен «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі туралы» дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтық авиацияны дамыту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат Тлеубекұлы; «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду; «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер; «SCAT әуекомпаниясы» АҚ президенті Денисов Владимир Иванович; «Qazaq Air» АҚ Басқарма төрағасы Наурызбаев Еркін Әнесұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Qazpatent орталығында панельдік сессия форматында «MedTech бағыты бойынша технологиялық болжау» туралы дөңгелек үстел өтеді. Ұйымдастырушы: QazInnovations ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі.

15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жас отбасыларды қолдау туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

18.00-де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» студенттік театры Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, драматург Ғазиз Ештанаевтың «Гүлбаһрамның көз жасы» трагедиясын сахналайды.


Соңғы жаңалықтар