30 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10:00 Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

11.00-де «Жоламан» әуе айлағында авиациялық оқу орталығының Ашық есік күні өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Кәсіби біліктілік туралы Заң жобасында көзделген нормаларды түсіндіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы; ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары м.а. Нарбекова Бану Мұқатайқызы; «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры - Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Бейсенбенов Азамат Амангелдіұлы.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де Жастар театрында «Алғашқы махаббат» комедиясы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Game Evolution» концерті көрсетіледі.







Фото: images.squarespace-cdn.com


Соңғы жаңалықтар