+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

30 қазан. Туған күн иелері.

2019 жылғы 30 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
30 қазан. Туған күн иелері.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 30 қазан күні дүниеге келген тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

44 жыл бұрын (1975) Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Абылайұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында туған.

1997 - 1998 жылдары - О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетінде «Тау кен машиналары мен жабдықтары» кафедрасының көмекшісі. 1999 жылы - Астана қаласында Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау бойынша агентігінің жетекші бас маманы. 1999 – 2001 жылдары - Астана қаласында Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігінің бас маманы. 2001 жылы - «Казахойл-Продактс ЖАҚ «ННК «Казахойл» ЖШС маманы. 2002 жылы - Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігі басқармасының басшысы. 2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитеті басшысының міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитетінің басшысы. 2003 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде бөлім консультанты, бас сарапшы; сектор меңгерушісі. 2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 2008 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2012 – 2013 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы; Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі. 2013 – 2015 жылдары - «Нұр Отан» партиясы активін басқару департаменті инспекторы, директор орынбасары, директоры; Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында аудит қызметінің басшысы.

2016 жылдың маусым айынан бастап Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі.

38 жыл бұрын (1981) ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Мұрат

Дүйсенбекұлы ӘЙТЕНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2006-2008 жылдары - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Қазіргі қызметінде 2016 жылдың желтоқсан айынан бері.

35 жыл бұрын (1984) Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі Ержан Бейбітұлы

ИМАНЗАЙЫПОВ дүниеге келді.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша, 2010 жылы - Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолы: «Павлодарэнерго» АҚ-да машинист-аралаушы (03.2006-07.2006); «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің халықпен жұмыс бөлімінің бас маманы (2006); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманы (2006-2007); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкері - Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаментінің сарапшысы (2007-2011); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті директорының орынбасары (2011-2013); ҚР Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама бөлімінің басшысы (2013-2014 жж.); Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті директорының орынбасары (03.2014-04.2014); Павлодар қаласы әкімінің коммуналдық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2014-2016 жж.); Павлодар қаласы әкімінің міндетін орындаушы (03.2016-04.2016); Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары (2016-2017); Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2017-2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылғы тамыз айынан бері.

«

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT