3 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 желтоқсан күні елордада және Алматы қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Radisson қонақ үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Жаһандық экологиялық қор және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Тұздануды тоқтатамыз – топырақ өнімділігін арттыру» атты конференция өткізеді.

11.00-де Астана филиалы «Астана поштамты» ғимаратында «Баспасөзге жазылу» шарасы өтеді.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында Игорь Роговтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы ұйымдастырылады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы» мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кемел Ақышевтың ғылыми залының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Нұр-Сұлтан қаласының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube пен Facebook.

15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде «Astana Qazaqstan Team» велокомандасының жаңа маусымының тұсаукесері өтеді. Салтанатты кеш Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған.

16.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» тележобасының қорытындысы және журналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Zoom платформасында 19 қарашада атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне және 3 желтоқсанда өтетін Халықаралық мүгедектер күніне орай онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстан Республикасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша баяндама жасайды.

11.00-де «SU Game Jam 2021» атты Тұңғыш ойын жасаушылар фестивалінің ашылу салтанаты болады.

15.30-да Достық Үйінің мәжіліс залында Халықаралық Түркі академиясы «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Аталған шара түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақ-қырғыз бауырластығын бекемдеуге зор үлес қосқан жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, сонымен бірге, қырғыз халқының көрнекті тұлғалары, Алаш қайраткерлері Жүсіп Әбдірахманов пен Қасым Тыныстановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.


Соңғы жаңалықтар